Евробақша – бұл 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейін тәрбиелеу және білім беру жүйесі. Ол балалардың үйлесімді дамуы үшін өзіне бар жақсыны сыйғызады:

  • Дүйсенбіден бастап жұма бойы күн сайын 3 сағаттан сабақ өтеді;
  • Ойын және оқу аймағымен арнайы жабдықталған бөлмеде 10 адамға дейін шағын топтар;
  • Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, сондай-ақ олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеретін, ойын арқылы дамытатын толық бағдарлама.

Қазірдің өзінде көптеген ата-аналар евробақшаны балалар бос уақыты мен дамуының ең келешекті тәсілі ретінде бағалады. Апта ішінде ойыннан басқа, мынадай сабақтар өтеді:

  • математика;
  • сөйлеуді дамыту;
  • қоршаған ортамен танысу;
  • ертегітерапия;
  • дене шынықтыру;
  • музыка;
  • қолданбалы шығармашылық (сурет салу, жабыстыру, аппликация);
  • ағылшын тілі.